Дзюдодан Душанбеде өтіп жатқан жарыста қос отандық спортшы қола медаль иеленді

Сурет: Оlympic.kz
Дзюдодан қос отандық спортшы Дархан Қойбағар мен Абылайхан Жұбаназар Душанбедегі Grand Slam сериясы турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 73 келіде белдескен Дархан Қойбағар өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. 

Кіші финалда Дархан олимпиадалық рейтингте 30-орында тұрған моңғолиялық Ерденбаяр Бацаямен белдесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. 

Айта кетелік, турнир барысында Қойбағар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Моңғолия балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда швейцариялық қарсыласына жол берді. 

Сондай-ақ Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта өткен кіші финалда чехиялық Адам Копецкиді мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, Жұбаназар әлемдік турнирдің жүлдегері атанып қана қоймай, олимпиадалық рейтингте маңызды ұпайға қол жеткізді.

Айта кетелік, Душанбедегі Grand Slam турнирінде Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетуде. Бұған дейін Мағжан Шамшадин (60 келі) күміс медальға қол жеткізді. 

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды