Журналистерге сұқбат беру кезінде залдан шыққан біртүрлі дыбыс спортшыны шошытып жіберді

Сурет: видеодан алынды
10 мамырда Лука Дончичтің Оклахома штатында өткен матчтан кейінгі журналистерге берген сұқбаты кезінде залда эротикалық дыбыстар шығып, баршаны абдыратып тастады. Ал спортшының көзі бақырайып, кәдімгідей шошып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөйтсе  диктофонды қоспақ болған журналистердің бірінің ұялы телефонындағы ұятсыз видео байқаусызда қосылып кеткен екен.

Қарсылас алаңында өткен екінші кездесуінде (119:110, 1-1) Оклахоманы жеңгеннен кейін Даллас көшбасшысы журналистердің сұрақтарына жауап беру үшін арнайы брифингке шықты. Сұрақ-жауап кезінде журналистердің бірі ұялы телефонын алып, диктофонды қоспақ болғанда байқаусызда бар дауысымен тұрған эротикалық видеоны ашып алады.

Не дерін білмей, әбден сасып қалған словениялық баскетболшы біршама үнсіздіктен кейін: "Мұның барлығы тікелей эфирден беріліп жатпаған болар деп үміттенемін", - деді. 


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды