Астанадағы Grand Slam турнирінде қазақстандық 10 дзюдошы алғашқы кезеңде-ақ ұтылып қалды

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының он өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam санатындағы турнирдің бірінші айналымынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев және Ислам Бозбаев алғашқы айналымда сүрінді.

100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Еламан Ерғалиев те бірінші айналымда есе жіберді.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Лаура Жәнібекова мен Анастасия Нагачевская (екеуі де 78 келі салмақ дәрежесінде) жеңіліп қалды. 78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова, Карина Тәкиевалар екінші айналымға өте алмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды