Жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Аянат Жұмағали да әлем чемпионы атанды

Сурет: Оlympic.kz
Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. 

Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 келі), қоланы үндістандық Санжана (210 келі) иеленді. 

Сондай-ақ, қыздар арасында 81 келіде бақ сынаған Сәния Орманбаева жалпы есебі 201 келіні игеріп, қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақжол Құрманбек күміс, Нұрдос Сабыр алтын медаль жеңіп алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі