Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның ауыр атлеті жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Нұрдос Сабыр, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, алтын медаль, ауыр атлет, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2024 12:23 Сурет: Оlympic.kz
2024 жылы 26 мамырда Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол  қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген. 

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қоланы Бекзод Гофиржанов иеленген. 

Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді. 

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: