Әлішер Ерғали мен Юсуп Батырмұрзаев Венгриядағы турнирдің алтын жүлдесіне таласады

Сурет: olympic.kz
Венгрияның Будапешт қаласында күрестен рейтингілік турнир өтіп жатыр. Аталған сынға қатысып жатқан қазақстандық балуандар бүгін жүлдеге таласады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін күрестен 97  келі салмақта сынға түсіп жатқан Әлішер Ерғали турнирдің алтын медаліне таласады. Ол финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовпен белдеседі. Жарыс барысында Ерғали Түркия, Грузия, Иран балуандарын жеңді. 

Осы салмақтағы тағы бір өкіліміз, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан турнирдің жартылай финалында сүрінді. Ризабекті әзербайжандық спортшы Магомедов 15:7 есебімен жеңді. Енді Айтмұхан қола медаль үшін словакиялық Батырбек Цакуловке қарсы шығады. 

Аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмұрзаев та финалда белдеседі. Оның ақтық сындағы қарсыласы - америкалық Массон Марк. Турнир барысында Батырмұрзаев Египет және Грузия балуандарынан басым түскен. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады