Азамат Дәулетбеков Венгриядағы рейтингілік турнирдің қола медаліне таласады

Сурет: olympic.kz
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан еркін күрестен рейтингілік турнирде Азамат Дәулетбеков қола медальға таласады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

86 келіде сынға түсіп жатқан Дәулетбеков үш кездесудің екеуін жеңіспен аяқталды. Ол алдымен Сан-Марино, кейін Венгрия балуанын жеңген. 

Алайда, жартылай финалда әлемнің үздік балуаны, Олимпиада чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы Хасан Язданиден (Иран) ұтылды. 

Кіші финалда Дәулетбеков жапониялық Хаято Ишигуромен кездеседі. 

Айта кетелік, бұған дейін Әлішер Ерғали аталған турнирде топ жарса, Юсуп Батырмұрзаев күміс, Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады