Юлия Путинцева Ұлыбританиядағы турнирді сәтті бастады

Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Бирмингемде (Ұлыбритания) WTA-250 санатындағы турнир басталды. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (41 WTA) бірінші айналым матчын екі разрядта өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің екінші ракеткасы ресейлік Анастасия Потаповамен бірге Диана Шнайдер (Ресей) / Барбора Крейчикова (Чехия) дуэтін 3:6, 6:1, 10:7 есебімен жеңді. 

Екінші раундта (финалдың 1/4 бөлігі) Путинцева мен Потапова келесі ойын жеңімпаздарымен ойнайды.  Харриет Дарт / Майя Люмсден (Ұлыбритания) – Мария Боузкова (Чехия) / Сара Соррибес-Тормо (Испания).

Сондай-ақ, бұл турнирде Юлия Путинцева жекелей сында да өнер көрсетеді. Алғашқы матчта ол француздық Клара Бюрельмен (43 WTA) кездеседі.

Бұған дейін Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияда негізгі жарысқа жолдама алғанын хабарладық. 

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін