Қазақстандық балуан 3 жылға спорттан шеттетілді

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Еркін күрестен Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz kaz.inform.kz-ге сілтеме жасап.

Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты мәлім еткендей, Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған.

Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды. 

Еске салайық, Талғат Сырбаз республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығында Түркия елінде өткен әлемдік Олимпиадаға іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алған еді.

Алайда денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмады.

Ол осыған дейін халықаралық жарыстарда ел намысын 74 келі салмақта қорған келген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған