Барлық тактиканы орындадым: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың 1/4 финалына қалай шыққаны жайлы айтты

Сурет: Instagram.com/qaz_team_official/
29 шілдеде жазғы Олимпиада аясында екінші жекпе-жекті сәтті өткізген қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Тайбэйден келген Лай Чжуенді қалай жеңгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшы қарсыластың осал болмағанын, жарысқа кіл мықтылар келетінін атап өтті.

"Ол Азия ойындарында екінші орын алған болатын, өте тәжірбиелі спортшы. Дегенмен, екінші жекпе-жегім болғаннан кейін шаршы алаңда өзімді еркін ұстадым. Бапкерлерімнің берген тапсырмалары мен барлық тактикаларын орындадым, соның арқасында жеңіске жеттім. Барша қазақстандықтар мен отбасыма, жанкүйерлеріме алғыс білдіремін". Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Бірінші жекпе-жекте ол испандық Ойер Ибаречені жеңген болатын. Базарбайұлының ширек финалдық жекпе-жегі 1 тамызда өтеді.

Бұған дейін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды