Париж Олимпиадасында орын алған қызық жағдай немесе фотограф не бүлдірді

Париж Олимпиадасында әлемнің үздік теннисшісі Ван Чуцинь финалдың 1/16 кезеңінде жеңіліп қалды. Алайда, Чуцинь 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы қытайлық Ван Чуцинь швед спортшысы Трульс Мерегордпен арадағы үстел теннисіндегі ерлер арасындағы 1/16 финалдық матчта еш ерекшелене алмады. Мерегордты Еуропадағы мықтылардың бірі дегенімен, рейтингте ол қытайлықтан айтарлықтай төменде орналасқан. Чуцинь бүгінгі үстел теннисінің жұлдызы, әлемдегі ең беделді WTT чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, 2018 жылғы жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада чемпионы, Қытай чемпионы. Оның үстіне Чуцинь күні кеше аралас сында олимпиада медалін жеңіп алды. Ол Сун Иншамен бірге финалда КХДР өкілдерінен мықты болды. Осыдан кейін бірден жағымсыз оқиға орын алды. Мүмкіндігінше әдемі кадр түсіруге тырысқан фотографтардың бірі оның ракеткасын аяғымен басып, сындырып алды, деп жазады championat.com.

Осы әсер етті ме, әлде басқа жағдайлар болды ма, бірақ Ван Чуцинь жекелей сында алты партияда да шведтен жеңіліп қалды. Бұл сенсациялық оқиғаға баланды.

Ван Чуцинь қатты опынды, бірақ ақталып та жатпады: "Менің ойыныма ракеткам әсер еткен жоқ, тек қарсыласым күшті болды", - деді қысқа қайырып.

29 шілдеде Қазақстан теннисшілері Олимпиада ойындарын тегістей аяқтағаны белгілі болды.

Қазақстан Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: