Самирхон Абабакиров: Енді қарсыластың финалға шығуын күтеміз

Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде жеңілу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Жекпе-жек барысында өзіме өте сенімді болғам. Алайда, басымдықты ұстап тұра алмадым. Кездесу соңына қарай "жанып" кеттім.

Енді қарсыластың финалға шығуын күтеміз. Егер ол ақтық сынға дейін сүрінбесе, жұбаныш айналымына мүмкіндік болады.

Ал италиялық спортшы  бұл салмақтағы мықтылардың бірі. Бұрын да оған есе жібергенмін. Қателік өзімнен кетті", - дейді Абабакиров. 

Еске салайық, қазақстандық спортшы италиялық қарсыласына 1:2 есебімен жол берген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады