Қазақстан Президентінің Кубогы: "Барыс" құрамындағы қос жаңа ойыншы камбэк жасады

Сурет: Instagram/barys_official
14 тамызда кешке хоккейден Қазақстан Президентінің Кубогы ойын күнінің екінші кездесуі өтті. Елордалық "Барыс" соңғы сәтте Хабаровскіден келген "Амур" командасының қолынан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұз айдын қожайындары матч барысында қарсыласынан бір шайба айырмашылығымен ұтылды, екінші кезеңде қонақтарды Девин Броссо алға шығарды.

Кездесу аяқталуға 10 минут қалғанда "Барыстың" жас жұлдызы Дамир Жафяров нәтижені теңестірді. Ал 1,5 минуттан кейін елордалық команданың тағы бір өкілі Уилл Бутчер гол соқты. Есеп - 2:1. 

Осылайша канадалық маман Дэвид Немировскийдің басшылығындағы "Барыс" алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Президент Кубогының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы тольяттық "Лададан" 1:7 есебімен ойсырата ұтылды. Турнирдің екінші ойын күні 15 тамызда өтеді. Алдымен "Амур" мен "Лада", содан кейін Қазақстан құрамасы мен "Барыс" кездеседі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды