Паралимпиада ойындары-2024: Қола медальға таласқан екі отандасымыз қарсыластарына есе жіберді

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Пара таеквондодан 80 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Домбай, 80 келіден аса салмақта Нышан Өмірәлі қола медальға таласып, екеуі де қарсыластарына жол берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нышан Өмірәлі (+80 кг) К44  қола үшін тартыста ирандық Хамед Хагшенасқа (Hamed Haghshenas) 9:16 есебімен жеңілді.

Бұған дейін ширек финалда Нышан америкалық спортшы Эван Медельмен кездесіп, 3:5 есебімен жеңіліс тапты.Жұбаныш жекпе-жегінде Нышан хорватиялық спортшы Иван Микуличті 13:3 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, Нышан Өмірәлі Париж Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Ал 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында күрескен Нұрлан Домбаев Паралимпиадада қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 1:7 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

Бұған дейін ширек финалда Нұрлан ирандық спортшы Алиреза Бахтқа 2:3 есебімен есе жіберіп, жұбаныш жекпе-жегінде Коста-Рика өкілі Молина Андресті 18:5 есебімен жеңген болатын.

Париж Паралимпиадасы 9-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар, оны Еркін Ғаббасов 10 м винтовкамен пара нысана көздеуден жеңіп алды.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды