Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Сметовтің салмағынан кете ме

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионы, Тбилисидегі Grand Slam турнирінің жеңімпазы Нұрқанат Серікбаев салмақ ауыстыруға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазан айында Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при турнирінде Серікбаев 66 келі салмақта сынға түседі. 


"Салмағымды уақытша ауыстырдым. Тек белгілі бір жарыстарда ғана 66 келіде күресемін деп шештім. Бірақ нақты шешім қабылдағаным жоқ. 60 келіден түбегейлі кетіп қалдым деп айтпаймын. Әлі белгісіз. Уақыт өте келе көрерміз", - деді Нұрқанат. 

Еске салайық, 60 келі салмақта Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов саналады. 

Ол Париждегі Олимпиада ойындарында чемпион атанса, Рио (2016) және Токио (2020) Олимпиадаларында күміс және қола медаль жеңіп алған. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды