"Манчестер Сити" қатарынан бесінші жеңісіне жетіп, АПЛ турнир кестесін жеке дара бастады

 «Манчестер Сити» қатарынан бесінші жеңісіне жетіп, АПЛ турнир кестесін жеке дара бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 14:46 Сурет: Instagram/manCity
20-қыркүйекте Англия футбол чемпионатының жоғары дивизионында бесінші турдың барлық матчтары аяқталды. Оның қорытындысы бойынша турнир кестесінің көшін "Манчестер Сити" жеке дара бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бесінші тур аясында "ситиліктер" өз алаңында "Сандерлендті" 5:3 есебімен ойсырата жеңіп, АПЛ-дің қазіргі чемпионы әрі басты қарсыласы "Арсеналдан" сәл ұзай түсті.

"Манчестер ситиліктер" матчтың тоғызыншы минутында-ақ есеп ашты. Бұл голды Энцо Фернандес соқты.

Алайда "Сандерленд" араға небәрі үш минут салып есепті теңестірді. Брайан Бробби қарсыластың қақпасын дәл көздеді.

Көп ұзамай командалар тағы да гол алмасты. Райан Шеркидің дәл соққысына Бробби жауап беріп, дубль авторы атанды.

Бірінші таймның соңына дейін және одан кейін "Ситидің" ойыншысы Антуан Семеньо екі гол соғып, дубль жасады. Алайда бұл күні Бробби де тоқтаусыз ойнап, хет-трик авторы атанды.

Ал голға толы матчтың соңғы нүктесін "ситиліктердің" үздік сұрмергені Эрлинг Холанд қойып, есепті 5:3-ке жеткізді.

Осылайша Энцо Марески шәкірттері қатарынан жеті матчта жеңіске жетті: оның бесеуі АПЛ-де, екеуі басқа турнирлерде тіркелді.

Бесінші турдың қорытындысы бойынша "Манчестер Сити" АПЛ турнир кестесінде "Арсеналды" басып озып, 15 ұпаймен Англия чемпионатының жеке-дара көшбасшысына айналды.

Алтыншы турда, 11 қазанда, Марески шәкірттері сырт алаңда "Ливерпульмен" кездеседі.

Маусым басталғалы "Ситиге" жалғыз жеңілісті Англия Суперкубогы үшін матчта "Арсенал" келтірген болатын.

Ал "канонирлер" өткен демалыс күндері АПЛ аясындағы матчта сырт алаңда "Брайтоннан" 0:3 есебімен ойсырай жеңілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: