WTA рейтингі: Елена Рыбакина төртінші орынды сақтап қалды, Юлия Путинцева үш қатарға көтерілді

Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакина әлі де төртінші орында тұр, екінші ракеткамыз Путинцева үш қатарға көтеріліп, 29-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа кестеде поляк теннисшісі Ига Швентек көш бастап тұр. Екінші орынға беларусьтік Арина Соболенко жайғасты. Үздік үштікті US Open 2024 финалисті американдық Джессика Пегула қорытындылады.

9 қыркүйектегі WTA рейтингі:

1. Ига Швентек (Польша) — 10 885 ұпай.

2. Арина Соболенко (Беларусь) – 8716.

3 (+3). Джессика Пегула (АҚШ) – 6220.

4. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5871.

5. Жасмин Паолини (Италия) – 5398.

6 (-3). Кори Гауфф (АҚШ) — 4983.

7. Чжэн Цинвэн (Қытай) – 3980.

8. (+4). Эмма Наварро (АҚШ) — 3810.

9. (-1). Барбора Крейчикова (Чехия) – 3631.

10. (-1). Мария Саккари (Греция) — 3515...

29. (+3). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1881…

384. (-15). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 158…

571. (+10). Зарина Дияс (Қазақстан) — 78…

722. (+1). Анна Данилина (Қазақстан) — 44...

777. (+2). Соня Жиенбаева (Қазақстан) – 37…

903. (-2). Сандуғаш Кенжебаева (Қазақстан) – 25…

915. (-4). Аружан Сағандықова (Қазақстан) – 24...

967. (-21). Гозал Айнитдинова (Қазақстан) – 20…

Бұған дейін әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко әйелдер арасындағы жекелей сында US Open чемпионы атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған