Футзалдан ӘЧ-2024: Франция жартылай финалға шықты

Сурет: Instagram/futsalplanet1997
30 қыркүйекте футзалдан Әлем чемпионатының ширек финалында француз командасы парагвайлықтарды 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойынның бірінші жартысы нөлмен аяқталды, ал екінші таймда француз ойыншысы Уассини Гуирио бірден ерекшеленді.

Бірақ көп ұзамай парагвайлықтар Франциско Мартинестің дөп соққан голының арқасында ұпайды теңестірді.

Кездесудің 32-минутында Абдессамад Мұхаммед француз құрамасының екінші әрі жеңіс әкелген голын соқты.

Енді 2024 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында Франция бүгін Ташкентте өзара бақ сынасып жатқан Қазақстан немесе Аргентина командасымен ойнайтын болады.  

Жартылай финалға бұған дейін Бразилия мен Украина командалары шығып үлгерген.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты