Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан әлем чемпионатында он үздік спортшының қатарына енді

Сурет: olympic.kz
Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Кирилл Курдиди Буллеруптегі (Дания) әлем чемпионатында үздік он спортшы қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол гит бойынша сәтті өнер көрсетті (1000 метр). Осылайша, спортшы әлем чемпионатының финалына шықты.

Шешуші раундта Курдиди жетінші болып келіп, нәтижесінде әлем чемпионатының үздік он спортшысы қатарына енді. 

Сайыста бірінші болып Харри Лаврейсен (Нидерланды) келсе, екінші орынды Джеффри Хугланд  (Нидерланды) алды.

Үшінші орын Джозеф Труманға (Ұлыбритания) бұйырды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша