"Астана - Ақтөбе" матчы алдында қайғылы оқиға орын алды

Сурет: Instagram/fca.astana
27 қазанда таңертең "Астана" футбол клубының бір топ жанкүйері "Астана" - "Ақтөбе" матчын тамашалау үшін Алматыға жол тартқан. Алайда жолда олар мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға түсті.

"...Алматы қаласына барар жолда бір топ жанкүйеріміз жол-көлік оқиғасына тап болды. Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, тағы үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр. "Астана" футбол клубы Нұрланның туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, қабырғасы қайыса көңіл айтады. Ардақты азаматтан қапыда айырылып қалып, орны толмас өкініш өзегімізді өртейді. Нұрланның иманы саламат болсын! Жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады. Сондай-ақ ауруханаға түскен жанкүйерлерімізге тез арада сауығып кетуіне тілек білдіреміз", делінген Instagram-дағы Астана футбол клубының парақшасында.


Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды