"Асылхан бәрін у-шу қылды". АҚШ-тағы қазақстандық боксшының жекпе-жегі үлкен дау туғызды

Сурет: видеодан алынды
World Boxing ұйымы жалауымен АҚШ-та бокстан алғаш рет өткізілген Әлем чемпионатында қазақстандық жас боксшы Асылхан Көшербайдың алғашқы жекпе-жегі үлкен дау туғызды. Өйткені оған тиесілі айқын жеңіc асвстралиялық Купер Макконнелге бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы финалда 65 келіге дейінгі салмақта Көшербай Макконнелді екі рет нокдаунға жіберді. Бірінші және екінші раундта. Австралиялық әбден шаршап, финалдық жекпе-жектің соңына әрең шыдады. Жерлесіміздің осындай айқын жеңісіне ешкім күмән келтірмеп еді, алайда төрешілердің шешімі басқалай болып шықты, деп жазады sport.kz.

Жеңіс 3:2 есебімен австралиялық боксшыға берілді. Осылайша Асылхан Көшербай күміс медаль иеленді.

Жанкүйерлер де, сарапшылар қауымы да төрешілердің бұл шешіміне наразы болып, көрермендер у-шу болды. Әлеуметтік желіде Көшербайға қолдау білдіріп, төрешілердің әділдігіне күмән келтірді.

Айта кетсек, Қазақстандық үш боксшы Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі