Головкин Азия чемпионатының финалдық бәсекелерін тамашалайды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы World Boxing-ке мүше азиялық елдердің алғашқы жұмыс отырысына қатысады. Бұл жиын Таиландтың Чиангмай қаласында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесудің басты мақсаты — жаңа Азия бокс конфедерациясын құру.

Еске салайық, бұған дейін World Boxing Азия аймағында боксты дамыту және ілгерілетумен айналысатын ұйымның құрылғанын ресми түрде жариялаған еді.

Жиын барысында World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Таиланд Бокс федерациясы мен Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Пичай Чунхавадзирамен екіжақты кездесу өткізеді.

Сонымен қатар, Қазақстан ҰОК басшысы Чиангмайда 10-11 желтоқсан аралығында өтетін Азия чемпионатының финалдық бәсекелерін тамашалайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды