Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінде көш бастады

Сурет: olympic.kz
Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Испания құрамасына қарсы алғашқы ойында Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустаға есе жіберді.

Кейін Елена Рыбакина Джессика Манейроны жеңіп, есепті теңестірді.

Шешуші үшінші кездесуде Рыбакина мен Шевченко испандық жұп Пабло Карреньо Буста/Ивон Кавалье-Реймерсті жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен жеңіп, С тобында көш бастады. Бұл топта Қазақстаннан бөлек Грекия құрамасы да бар. Грек теннисшілерімен кездесу 30 желтоқсанда өтеді.

Еске сала кетейік, турнирде Қазақстан құрамасы сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Ширек финалға алты топтың жеңімпаздары және екінші орын алған үздік екі команда өтеді. United Cup турниріне барлығы 18 құрама қатысып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады