Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет София Самоделкинаның өнеріне қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/elizabetkz
Атақты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан құрамасына ауысқан София Самоделкинаның өнеріне көзқарасы жайлы айттты, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 желтоқсанда Тұрсынбаева SPORT+ Qazaqstan телеарнасында "Спорт құпиялары" бағдарламасының қонағы болды.

Бағдарлама жүргізушісі Софья Самоделкинаның еліміздің құрамасына ауысуының төңірегінде алып-қашпа сөздер көп болғанын атап өтіп, бұған Тұрсынбаеваның көзқарасы қандай екенін білді.

"Сіз оның өнерін көрдіңіз бе және оның деңгейін қалай бағалай аласыз?"- деп сұрады жүргізуші тікелей.

Элизабет қазір ресейлік конькимен сырғанаушылар халықаралық жарыстарға қатыспайтындықтан, қазақстандық спортшылардың әйелдер арасында мүмкіндігі өте жоғары екенін айтты.

"Басқа елдердегі спортшыларға, әсіресе София сияқты, төрт рет секіре алатын сырғанаушыларға жол ашылды". Элизабет Тұрсынбаева

Айта кетейік, Самоделкина 2023 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетуде

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі