Шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасы күміс жүлде жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Базельде (Швейцария) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалына дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Командалық жарыста еліміздің намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов және Алексей Касаткин қорғады. Жартылай финалда қазақстандық шпагашылар Швеция құрамасынан басым түсті.

Ал алтын медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Мысыр спортшыларына есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үшінші орын алған еді. Сонымен қатар жекелей сында Софья Ақтаева жеңімпаз атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді