Шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных пен Данил Васильев Әлем кубогы кезеңінің іріктеуінен сәтті өтті

Сурет: olympic.kz
Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогы кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық жарыс аясында іріктеу кезеңі өтті. Оған Қазақстан құрамасының атынан төрт спортшы қатысты.

Данил Васильев 35-орын, ал Илья Мизерных 46-орынды иеленді. Екеуі де іріктеуден өтіп, үздік 50 спортшының қатарына кіріп, негізгі жарысқа жолдама алды. Медальдар 19 қаңтарда сарапқа салынады.

Святослав Назаренко 55-орын алса, Сабыржан Муминов 56-орынмен іріктеуден өте алмады.

18 қаңтарда Қазақстан құрамасы командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Турнирге Мизерных, Васильев, Муминов және Назаренко қатысады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді