Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Тунистегі турнирде қола жүлде жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунистегі WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста ел намысын қорғады. Нәтижесінде Алан Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Алан Құрманғалиев турнир барысында Италиядан барған Данило Фасоны 3:0, польшалық Рафаэль Формеланы 3:1, Ян Мругалды 3:0, чехиялық Степан Брельді 3:1 және Бельгия спортшысы Том Клоссетті 3:1 есебімен жеңді.

Алайда, жартылай финалда ол румыниялық Юлиан Чиритуден 0:3 есебімен ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы