Эльмира Сыздықова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Красноярск қаласында (Ресей) күрестен Иван Ярыгин кубогы дәстүрлі халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыста әйелдер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз үш медаль жеңіп алды.

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова финалда моңғолиялық Даваанасан Енх-Амарды жеңіп, жеңімпаз атанды.

Ал 62 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар тағы екі медальға ие болды: Виктория Хусаинова екінші орынды, ал Тыныс Дубек қола жүлдені иеленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі