Юрий Щукин: "Жеңіске жету үшін барамызыды саламыз"

Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
"Дэвис Кубогының" бірінші әлемдік тобының плей-офф аясында Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасында өтетін ойында капитандар мен команда ойыншыларының қатысуымен баспасөз маслихаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин:

"Пәкістан - жақсы команда дегенмен біз жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Құрама сапына жас ойыншыларды тарттық, барлығы да ойнауға деген құлшынысы асып тұр. Жұптық ойынға кім ойнайтынына келетін болсақ, біз әртүрлі нұсқаларды қолданып көреміз, 1-2 күнде белгілі болады кім ойнайтыны".   

 Пәкістан құрамасының капитаны Мухаммад Хасееб Аслам қағаз жүзінде де, іс жүзінде де қазақстандық команда фаворит екенін атап өтті.

"Біз Астанаға бейімделу үшін арнайы ерте келдік. Қазақстандық команданың барлық ойыншылары өте тәжірибелі, ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде ойнап келе жатыр. Біздің құрамада қазір жаңару жүріп жатыр, жастарға сенім артып отырмын, үмітті ақтайды деп сенемін. Бұл теннис және бәрі болуы мүмкін, сондықтан біз ойында ұпай алып, келесі кезеңге шығу үшін кортта тер төгеміз". 

 Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасындағы ойындар Астанада 1-2 ақпан күндері өтеді. Ойындарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Серіктестік материал

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды