Министр шорт-тректен тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шорт-тректен тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Бұл жүлде – Қазақстанның қысқы Азия ойындарындағы шорт-трек тарихындағы алғашқы алтыны.

ҚР Туризм және спорт министрі Қазақстан құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесімен құттықтап, бұл жеңістің ел спорты үшін маңызын атап өтті.

"Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасын тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін отандастарымыз барша жанкүйерді шаттық пен қуанышқа бөлеп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Қытай төрінде әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз биікте желбіреді. Бұл жүлденің біз үшін маңызы зор. Өйткені бұл — Қазақстанның шорт-трек спорты тарихындағы қысқы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медаль. Жеңіс жолында еңбек еткен жаттықтырушылар құрамына да ерекше алғысымды білдіремін".Ербол Мырзабосынов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебе беру қағидаларын бекітті