Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты: Софья Самоделкина 14-орын алып, Олимпиада нормативін орындады

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 117,78 ұпай жинады. Жалпы сомасы – 181,36 ұпай.

Нәтижесінде жарысты 14-орынмен аяқтады.

Жеңісті америкалық Алиса Лью (222,97) иеленді. Екінші орынға жапондық Каори Сакамото (217,98) тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір жапондық спортшы Монэ Тиба (215,24) қорытындылады.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында топ-24 қатарына енуі қажет еді. Бұл көрсеткіштің ресми түрде расталуы кейінірек жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі