Еркін күрестен Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола медаль иеленді

Сурет: СДД
Қазақстандық балуан Рахат Қалжан еркін күрестен Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта Ирак спортшысы Хусейн Альбехадилальборспен белдесті. Қола медаль үшін өткен кездесуде Рахат Қалжан қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:8 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бақ сынайды. Ал қола жүлде үшін Начын Куулар (70 келіге дейін) және Дәулет Ергеш (79 келіге дейін) күреседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді