Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды

Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Бостон (АҚШ) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы үшінші орында тұрған еді. Нәтижесінде ол өз көрсеткішін жақсартып, жоғары көтерілді.

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады (жеке рекорд). Жалпы есепте ол 287,47 ұпайға (жеке рекорд) қол жеткізіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Әлем чемпионатының алтын медалін қатарынан екінші рет америкалық Илья Малинин жеңіп алды – 318,56 ұпай. Ал жапониялық Юма Кагияма үздік үштікті қорытындылады – 278,19 ұпай.

Айта кетейік, Шайдоров ересектер арасындағы әлем чемпионатында өз мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Бұған дейін оның қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі болған. Сондай-ақ, биылғы маусымда ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль еншілеп, Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды.

Мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында үздік 24 спортшының қатарына енуі қажет болатын.

Қазіргі уақытта ISU тарапынан Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың ресми тізімі жариялануы күтілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады