Еркін күрестен Азия чемпионаты: Азамат Дәулетбеков үшінші орын алды

Сурет: olympic.kz
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 92 келіге дейінгі салмақта Шерзод Пойоновпен өзара мықтыны анықтады. Қола медаль үшін болған белдесуде Азамат Дәулетбеков 1:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады.

Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі