Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жантөре Сағынғали финалда украиналық спортшы Максим Шудженконы сенімді түрде жеңіп шықты.

Сондай-ақ жарыстың үшінші күні Қазақстан екі қола медаль жеңіп алды: жүлдегер атанғандар — Алла Цой (47 келіге дейін) мен Аида Ғожалымова (51 келіге дейін).

Еске сала кетейік, бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі