Өзбекстан тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына қатысады

Сурет: Instagram/UzbekistanFA
5 маусым күні кешкісін Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып, ел спортындағы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл маңызды оқиға 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің тоғызыншы турында болды. Тимур Кападзенің шәкірттері сырт алаңда Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнап, керек нәтижеге қол жеткізді.

Осылайша, өзбек футболшылары өз тобында кем дегенде екінші орын алып, Азия құрлығынан тікелей әлем чемпионатына жолдама алды.

Тарихи жетістікті көрші ел халқы зор қуанышпен қабылдап жатыр. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өз құттықтауын жолдады.

"Қымбатты ұлдарым! Сіздер Азияның ең мықты командаларына қарсы іріктеу матчтарында нағыз ерлік пен табандылық танытып, ел тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алдыңыздар. Осы үлкен жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Бұл — сөзсіз, ұлттық спорт шежіресіне алтын әріптермен жазылатын жарқын жетістік. Миллиондаған отандастарымыз, футбол жанкүйерлері дәл осындай нәтиже туралы армандап келді. Бұл — Құрбан айттың қасиетті күндерінде халқымызға тарту еткен шын мәніндегі сый. Жеңісті жолдарыңыз жалғасын таба берсін!" - деді президент Шавкат Мирзиеев.

Осылайша, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 2026 жылы үш ел аумағында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады