Анна Данилина қатарынан екі турнирдің финалында ұтылды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Лондон (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Диана Шнайдермен бірге жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді.

Олар финалда доданың 4-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – нидерландтық Деми Схурспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Данилина үшін бұл қатарынан екінші финал еді. Қазақстандық теннисші осының алдында спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жетті.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 5:4 болып, қазақстандық-ресейлік жұп сетке доп бергенде, сол мүмкіндікті пайдалана алмады - 5:7. Екінші сетте олар 5:1есебімен алға кеткенімен, қарсылас дуэт таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте Данилина - Шнайдер басымдылық танытты - 7:6 (7:3). Супер тай-брейкте америкалық-нидерландтық жұп дес бермеді - 10:4. Тартысты матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді