Рыбакина Уимблдонның екінші айналымында әлемнің экс үшінші ракеткасымен кездеседі

Сурет: ktf.kz
Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан "Уимблдон-2025" турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы матчта ол әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Матч 1 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі, әлемнің экс үшінші ракеткасы, қазір WTA рейтингінде 77-орында тұрған Мария Саккаримен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жекелей жарыс кестесінде Қазақстан атынан тек Елена Рыбакина ғана қалды. Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Юлия Путинцева бірінші айналымнан аса алмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстандағы ең танымал және ең сирек есімдер топтамасы