Сағындық Тоғамбай бокстан Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында америкалық Малакай Джорджеспен қолғап түйістірді. 

Тартысқа толы жекпе-жектің бірінші бөлімінде АҚШ өкілі басым түсті. Алайда, қалған екі раундта Сағындық Тоғамбай қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) кем дегенде Әлем кубогының қола медалін қоржынға салмақ.

Бұған дейін Виктория Графеева бокстан Астанадағы Әлем кубогында екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазғанбыз. Сондай-ақ Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ертуған Зейнуллинов та 1/4 финалға шықты.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады