Қазақстанның ауыр атлеттері Азия чемпионатында тағы екі медальға қол жеткізді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Матвей Макрушин елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Матвей қоссайыстың қорытындысы бойынша 331 (148+183) келіні бағындырып, жастар арасында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Өзбекстан өкілі Кудротбек Залимжонов 360 (169+191) келіні еңсеріп, алтын медальға ие болды. Ал түрікменстандық ауыр атлет Сулеймен Джафаров 327 (145+182) келі көтеріп, үшінші орынға жайғасты.

Сурет: olympic.kz

Сонымен қатар тағы бір жерлесіміз Санжар Жолтай 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 340 (155+185) келіні еңсерді. 

Бірінші орынды Сирия өкілі Касвара Джгили иеленді: 364 (164+200) келі. Екінші орынға өзбекстандық Омидолло Олимов жайғасты: 351 (161+190) келі.

Бұған дейін Аңсар Тұрсынбектің ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді