Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медаль еншіледі

Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан "World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4" турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Тәукенова ел намысын қорғады.

Сонымер қатар қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді.

Бекасыл Ергеш (80 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) күміс жүлде еншілесе, Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін), Алмира Қанат (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға ие болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді