Рыбакина Канададағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында рейтингіде 28-орында тұрған украиналық Марта Костюкты жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын есеп 6:1, 2:1 болып Еленаның пайдасына шешіліп тұрған сәтте, украиналық теннисші оң қолының білегінен алған жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Рыбакина биылғы маусымда екінші, ал мансабында оныншы рет WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Сонымен қатар, қазақстандық теннисші Монреальдегі турнирдің жартылай финалына екі жыл қатарынан шыққан ең жас спортшы атанды (2023 және 2025 жылдары). Мұндай жетістікке бұған дейін Каролин Возняцки (2010–2012 жылдары) ғана жеткен болатын.

Жартылай финалда Рыбакина канадалық Виктория Мбокомен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Елена осы маусымда 300 эйс жасап, WTA турындағы көшбасшы атанғанын жазған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы