300 эйс: Елена Рыбакина WTA турында көш бастады

300 эйс: Елена Рыбакина WTA турында көш бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 14:33 Сурет: ktf.kz
4-нен 5 тамызға қараған түні Қазақстан әйелдер теннис құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кездесуде оның қарсыласы украиналық Марта Костюк болады. Осы матч алдында Елена маусымда 300 эйс жасап, WTA турындағы көшбасшы атанды.

Осы ерекше жетістігі үшін журналистер отандасымызға "Эйс-машина" деген лақап ат берді.

Рыбакина бұл рекордқа WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында украиналық Даяна Ястремскаямен өткен матчта қол жеткізді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы қарсыласын 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ол матчта Елена жеті мәрте эйс жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: