Елена Рыбакина Монреальда камбэк жасады

Елена Рыбакина, Монреаль, Канада, ширек финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2025 10:34 Сурет: j48tennis
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальдағы (Канада) WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол  2 сағат 33 минутқа созылған кездесуде украиналық Даяна Ястремскаяны жеңді. Матч өте тартысты өтті.

Кортта журналистерге берген сұқбатында теннисші келесі кездесуді асыға күтетінін айтты:

"Бұл - мен үшін өте маңызды жеңіс. Даянамен ойнау қиынға соқты. Ол өте жақсы өнер көрсетті. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, келесі матчты асыға күтемін".

Ширек финалда Рыбакина тағы бір украиналық теннисші Марта Костюкпен кездеседі.

Айта кетейік, Монреаль турнирінің жалпы жүлде қоры — 5,15 миллион доллар. Ширек финалға шыққаны үшін Рыбакина 107 000 доллар табыс пен 215 рейтингілік ұпай иеленді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: