Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан теннис турнирінің төртінші айналымына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы ірі турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.
Рыбакина екі сетте де жеңіске жетті. Бірінші сетте қарсыласы бірде-бір гейм ала алмады.
Кездесу 6:0, 7:6 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда отандасымыз украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript