Елена Рыбакина US Open-2025 турниріндегі алғашқы матчында жеңіліп қалды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен жұптасып ойнаған микст санатындағы алғашқы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар ширек финалға жолдама үшін италиялық жұп – Сара Эррани мен Андреа Вавассориге қарсы ойнады. Екі сетте де есеп 2:4, 2:4 болып, қарсыластары жеңіске жетті.

Биылғы US Open ұйымдастырушылары “микст” санатында жаңа формат енгізді. Оған 16 жұлдызды жұп қатысып жатыр. Оның сегізіне “жекелей рейтингтің” жиынтық көрсеткіші бойынша кепілді орын берілсе, қалған сегізі уайлд-кард арқылы іріктелді. Жеңімпаз жұп 1 миллион доллар жүлде алады – бұл былтырғыдан бес есе көп.

Жұлдызды жұптардың қатарында: Даниил Медведев пен Мирра Андреева, Гаэль Монфис пен Наоми Осака, Елена Рыбакина мен Тейлор Фриц, Каспер Рууд пен Ига Швентек және басқа да танымал теннисшілер бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды