Дэвис кубогындағы жұптық кездесуде Қазақстан құрамасы Кореяға жол берді

Сурет: ktf.kz
2025 жылғы 13 қыркүйекте қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының 1-ші Әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореяға жұптық кездесуде есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын екі сетке созылып, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамында Александр Шевченко мен Тимофей Скатов, ал қарсылас тараптан Нам Чжи Сун мен Пак Уй Сун ойнады.

Турнир Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Корея арасындағы жалпы есеп — 1:2, корейліктердің пайдасында. Біздің жалғыз ұпайды Александр Шевченко алып келді.

Дегенмен, Қазақстан есепті теңестіре алады: Тимофей Скатов келесі ойында Чон Хёнге қарсы ойнайды, содан кейін кортқа Александр Шевченко мен Квон Сун Ву шығады.

Бұған дейін Виктория Графееваның бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі