Қазақстандық теннисші Ясмин Дүйсембаева Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды

Сурет: ktf.kz
Филиппинде 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл беделді жарыста Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғады.

Турнир қорытындысы бойынша Ясмин Дүйсембаева қола медаль жеңіп алды.

Бұл жетістік оған дәстүрлі түрде Australian Open турнирінің екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына қатысуға мүмкіндік берді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Чанчжоу (Қытай) АТР 250 турнирінің финалында жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады