Шетелдік БАҚ-та мадридтік футболшыларға Орталық стадионның газоны ұнамай қалғаны туралы ақпарат тарауда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Реал Мадрид" футбол клубы Алматының Орталық стадионындағы алаң шөбінің биіктігін қысқартуды сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы испандық спорттық басылым ElDesmarque жазды. Басылымның мәліметінше, клуб бұл өтінішті УЕФА-ға жолдаған, алайда бас тартылған жауап алған.

УЕФА-ның ойын алаңдарының жағдайына қатысты ережелері бойынша, алаң шөбінің биіктігі 30 миллиметрден аспауы керек және бұл биіктік жаттығу кезінде де, ресми матчтарда да біркелкі сақталуы тиіс.

Сонымен қатар, шөптің биіктігі матчтың қарқынына тікелей әсер етеді: шөп неғұрлым аласа болса, доп соғұрлым жылдам домалап, пастар дәлірек беріледі. Бұл әсіресе жылдам пас алмасу мен допты бақылауға мән беретін командаларға тиімді. Сол себепті "Реал" Алматыдағы стадиондағы шөп биіктігін 24 миллиметрден 22 миллиметрге дейін қысқартуды сұраған.

Алаң шөбін күтіп-баптау көптеген факторларға байланысты: шабу жиілігі, ауа райы, ылғалдылық және алаңның қаншалықты жиі қолданылатыны. Қазақстан секілді климаттық жағдайы күрделі өңірлерде шөп әдетте биігірек ұсталады – бұл оның тез тозбауы мен күйіп кетпеуі үшін қажет.

Бұған дейін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчына келетін жанкүйерлерге маңызды ақпарат хабарланғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр