Ойыннан кейін қазақстандық клубтың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин шәкірттерінің сәтсіздігіне қатысты пікірін айтты:
"Біз әртүрлі салмақ дәрежесіндегі командалармыз. Дегенмен баға жетпес тәжірибе жинадық. Жеңілу қиын, бірақ мұны қабылдауымыщ керек. Кей сәттерде жаман ойнаған жоқпыз. Жігіттерге жанкештілігі үшін алғыс айттық, жанкүйерлерге аншлаг үшін ерекше рақмет. Олардың шеберлігін өздеріңіз көрдіңіздер, мұндай командалармен жиі ойнасақ, қазақстандық футболдың деңгейі де көтеріледі. Қалай десек те, бұл – әлемдегі ең бай клуб. 1,4 млрд 12 млн-ғ. Олардың бір ойыншысы бүкіл Қазақстан чемпионатына тең. "Реалдан" кейін енді КПЛ-2025 ойындарына назар аударамыз. Алдымызда үш кездесу бар, бәрі де өте маңызды". "Қайрат" бас бапкері Рафаэль Оразбахтин
Кездесу қорытындысы бойынша "Қайрат" өз қақпасына жауапсыз бес гол жіберіп алды, оның үшеуін француз Килиан Мбаппе соқты.
"Мен алғаш рет алаңда Мбаппені көрдім. Ол не істегенін өздеріңіз куә болдыңыздар. Оны гол соғуы үшін сатып алған. Сондай-ақ өздерінің жоғары шеберлігін Гюлер, Винисиус, Беллингем де көрсетті", - деді Оразбахтин.